«Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 142 бұйрығы (2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 142 бұйрығы

(2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

Д. Ахмед-Заки

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.26.07. № 371 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.15.11. № 523 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026.12.03. № 130 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрінің

міндетін атқарушысының

2024 жылғы 3 сәуірдегі

№ 142 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның
құрамы

 

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы;

3. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, комиссия мүшесі;

4. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.