«Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 130 бұйрығы

«Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы №
130 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, өтініштерді жан-жақты және объективті қарау мақсатында, сондай-ақ комиссияның құрамын жаңарту шеңберінде БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 142 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережеде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Комиссия отырыстары конкурс жеңімпазы берген өтініштердің түсуіне қарай Комиссияның жоспарланған отырысының күніне дейін кемінде күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын және қажет болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі бойынша, бірақ кемінде күнтізбелік 6 (алты) аптада бір рет өткізіледі.

Комиссия отырыстары, егер оған мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, заңды деп есептеледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының Министр

С. Нұрбек

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім

министрінің

2026 жылғы 12 наурыздағы

№ 130 бұйрығына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.