6) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекітеді;
7) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекітеді;
8) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) келтірілген ядролық нұқсан ядролық қондырғы операторының немесе ядролық қондырғылардың бірыңғай операторының осы Заңның 26-2-бабында белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылық шегінен асып түсетін бөлігінде, келтірілген ядролық нұқсан толық өтелгенге дейінгі қажетті соманы беру арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда келтірілген ядролық нұқсанды өтеу үшін ақша төлеуді қамтамасыз етеді;
2020.14.05. № 329-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) осы Заңның 26-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен радиациялық қауіптілігі бірінші санаттағы ядролық қондырғы операторының азаматтық-құқықтық жауаптылық шегін айқындайды;
2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын АЭС жобаларын қаржыландыру үшін АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит желісі нысанында бюджеттік кредит берудің ерекше тəртібі мен арнаулы талаптарын айқындайды.
9) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Уəкілетті органның құзыреті
Уəкілетті орган:
1) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) АЭС ұлттық операторын айқындайды;
4) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
6) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
7) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді жəне нормативтік-техникалық құжаттарды əзірлейді жəне бекітеді;
9) ядролық материалдарды жəне ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
10) иондандырушы сəулелену көздерін жəне сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
11) ядролық жəне радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тəртібін əзірлейді;
13) ядролық қауіпсіздік жəне (немесе) радиациялық қауіпсіздік жəне (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
14) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
15) иондандырушы сəулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
16) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
17) ядролық жəне радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын əзірлейді;
18) ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын əзірлейді ». жəне бекітеді;
19) ядролық қондырғыларды жəне көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын əзірлейді;
20) ядролық қауіпсіздік жəне (немесе) радиациялық қауіпсіздік жəне (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
21) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
22) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
23) халықтың жəне (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе пайдаланылып болған ядролық отынды көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді;
24) ядролық материалдарды, иондандырушы сəулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
25) ядролық материалдардың мемлекеттік есебін жүргізеді;
26) иондандырушы сəулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;
27) атом энергиясын пайдалану саласындағы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
28) атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымдарын айқындау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
29) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің уəкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттар күшін Қазақстан Республикасының аумағында оларға қолданады;
30) ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету жəне ядролық сынақтарды мониторингтеу жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
31) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуге жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылар, радиоактивті қалдықтар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;
32) атом энергиясын пайдалану саласында тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
33) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау мен қадағалау) бақылау жəне қадағалау органы осы Заңға сəйкес тексеру, қашықтан бақылау, тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау, тергеп-тексеру жəне «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес рұқсат жəне (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі тұрғысынан рұқсаттық бақылау (бұдан əрі - рұқсаттық бақылау) нысанында жүзеге асырады.
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері (бұдан əрі - бақылау мен қадағалау субъектілері) болып саналады.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын мүлкі мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектісі (бұдан əрі - бақылау мен қадағалау объектісі) болып саналады.
3. Бақылау жəне қадағалау органы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
7-1-бап. 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 7-2-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-2-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тексерулер
1. Бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) тексеру (бұдан əрі - тексеру) - бақылау жəне қадағалау органының осы Заңның 7-бабының 3-тармағына сəйкес талаптардың сақталуы тұрғысынан бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты қызметі.
Тексеру бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылады, оның нəтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) тексеру нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Тексерулер жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді.
3. Жоспарлы тексерулер радиациялық қауіптілігі 1, 2 жəне 3-санаттардағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексерулер радиациялық қауіптілігі 1, 2, 3 жəне 4-санаттардағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты жүргізіледі.
4. Жоспарлы тексерулер бақылау жəне қадағалау органы бекіткен тексерулердің жылдық тізіміне сəйкес тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жоспарлы тексеру жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде жүргізіледі.
Жоспарлы тексерулердің жылдық тізімі бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тəуекел дəрежесі бойынша жатқызу ескеріле отырып қалыптастырылады жəне тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей бақылау жəне қадағалау органының интернет-ресурсында орналастырылады.
Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қатер дəрежесі бойынша:
1) қатер дəрежесі жоғары субъектілер - радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері;
2) қатер дəрежесі орташа субъектілер - радиациялық қауіптілігі 2-санаттағы қондырғылармен жəне ядролық отын мен оның құрамдастарын дайындау жөніндегі, табиғи уранды немесе торийді, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін өндіру жəне (немесе) қайта өңдеу жөніндегі қондырғылар бөлігінде радиациялық қауіптілігі 3-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері;
3) қатер дəрежесі төмен субъектілер - ядролық отын мен оның құрамдастарын дайындау жөніндегі, табиғи уранды немесе торийді, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін өндіру жəне (немесе) қайта өңдеу жөніндегі қондырғыларды қоспағанда, радиациялық қауіптілігі 3- санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) болып бөлінеді.
Жоғары, орташа жəне төмен қатер дəрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспарлы тексеру жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық тізімдері оларға қатысты жоспарлы тексеру тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып қалыптастырылады.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық тізімдеріне жоғары жəне орташа қатер дəрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілерінің барлық объектілері міндетті түрде енгізіледі.
Қатер дəрежесі төмен бақылау мен қадағалау субъектілерінің объектілері жоспарлы тексерулердің жылдық тізімдеріне:
1) алдыңғы тексерулер нəтижелері;
2) мемлекеттік цифрлық жүйелердің мəліметтері;
3) бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мəліметтерді мониторингтеу нəтижелері;
4) радиациялық оқыс оқиғалар туралы мəліметтер;
5) нұсқамалардың орындалуы туралы ақпарат;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мəліметтерді талдау нəтижелері;
7) жеке жəне заңды тұлғалардың растайтын фактілер ұсынылған жолданымдары негізінде қалыптастырылатын ақпарат ескеріліп енгізіледі.
Тексерулер жүргізудің жылдық тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік жəне (немесе) əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер ошақтарының жəне аса қауіпті зиянды организмдердің, жұқпалы, паразиттік аурулардың, уланудың таралуы, радиациялық авариялар мен соған байланысты шектеулер орын алған немесе орын алу қаупі төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тексерулер тізімінің нысанын уəкілетті орган бекітеді.
5. Бақылау жəне қадағалау органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) не оның уəкілетті адамын, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды жоспарлы тексеруді жүргізудің басталғаны туралы оның басталу күнін көрсете отырып, тексеру басталардан кемінде бір жұмыс күні бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - хабарламада алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген құрылғыларға, жедел хабар алмасу сервистеріне, электрондық поштамен жіберілген жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ресми өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын мекенжайына жіберген күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
6. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу жəне (немесе) оны жою мақсатында нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған нақты фактілер мен мəн-жайлар бойынша бақылау жəне қадағалау органы тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып саналады.
Осы баптың 7-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) жəне 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді жүргізудің басталғаны туралы оның басталуынан кемінде бір тəулік бұрын хабарлауға міндетті.
7. Бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
2) тергеп-тексеру нəтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау;
3) қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген іс-шаралардың орындалмауы, оның ішінде анықталған бұзушылықтардың жойылғаны жəне (немесе) бұзушылықтардың жойылмағаны туралы ақпараттың берілмеуі;
4) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері мен мəн-жайлары бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
5) егер бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты бір реттен артық ұсынбаса жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жоймаса, жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
6) прокурордың адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы талабы;
7) мемлекеттік органдардың, уəкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірудің, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша жолданымдары;
8) ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, ядролық қондырғы жүйелеріндегі, жабдықтарындағы, құжаттамасындағы өзгерістер туралы ақпарат;
9) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жолданымына байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың заңсыздығы);
10) осы Заңның 9-бабына сəйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияның болмауы жəне (немесе) қолданылу мерзімінің өтуі туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміндегі ақпарат;
11) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
12) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты шаралар қабылдау туралы жоғары тұрған мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы;
13) тұрақты бақылау мен қадағалау жүргізу барысында берілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқамалардың орындалмауы;
14) масс-медиадағы, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріндегі Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу туралы жарияланымдар мен хабарлар;
15) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында, тексерілетін субъект азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру.
8. Жоспардан тыс тексеру нысанасына жатпайтын, ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздік деңгейін төмендетуге алып келетін, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде олар тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетіледі.
9. Анонимдік жолданымдар келіп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 7-3-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-3-бап. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимі
1. Радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимі белгіленеді.
2. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының тікелей радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғыларда тұрақты болуы жəне қауіпсіздіктің жай-күйін бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
3. Радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы қондырғылардың өмірлік циклінің барлық кезеңінде ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды, ядролық қаруды таратпау режимін сақтауы, сондай-ақ радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылардың, олардың жүйелері мен элементтерінің көрсетілген талаптарға сəйкестігі тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нысанасы болады.
4. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Заңға жəне уəкілетті орган бекітетін атом энергиясын пайдалану саласында тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
5. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдардың тізімдерін бақылау жəне қадағалау органының аумақтық бөлімшесінің басшысы мынадай шарттарды сақтай отырып бекітеді:
1) радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы бір қондырғыға бақылау жəне қадағалау органының кемінде екі лауазымды адамы тағайындалады;
2) радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы бір қондырғыға лауазымды адамдарды тағайындау мерзімі үш жылдан аспайды;
3) лауазымды адамдарды радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылар арасында əрбір үш жыл сайын ротациялау жүргізіледі.
6. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдардың өзекті тізімдері бақылау мен қадағалау субъектілеріне жыл сайын тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде жіберіледі.
7. Бұл ретте тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге уəкілетті лауазымды адамдардың құрамы бақылау жəне қадағалау органының аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) шешім қабылданғаннан кейін хабардар етіледі.
8. Радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері уəкілетті адамдар қызметтік куəлігін көрсеткен кезде уəкілетті лауазымды адамдардың объектілерге, олардың жүйелері мен элементтеріне, сондай-ақ құжаттарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
9. Тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу барысында атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы, сондай-ақ объектілердің, олардың жүйелері мен элементтерінің көрсетілген талаптарға сəйкес келмеуі анықталған жағдайларда уəкілетті лауазымды адам бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқама ресімдейді жəне береді.
10. Бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып айқындалады.
11. Бақылау мен қадағалау субъектісіне байланысты емес себептер бойынша жедел нұсқаманы (жедел нұсқаманың тармағын) белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі нұсқаманы орындау мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жедел нұсқаманы берген уəкілетті лауазымды адамға қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өтеу шараларын көрсете отырып жəне көрсетілген шаралардың тиімділігі мен жеткіліктілігін негіздей отырып, жедел нұсқаманың (жедел нұсқама тармағының) орындалу мерзімін ұзарту туралы уəжді өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
12. Жедел нұсқаманы берген бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамы баяндалған дəлелдерді ескере отырып, жедел нұсқаманы орындау мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқаманы орындау мерзімдерін ұзарту туралы немесе уəжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
13. Бұзушылықтарды жою туралы жедел нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындамау осы Заңда белгіленген тəртіппен бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болады.
14. Бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағында, үй-жайларында тұрақты болуға, жабдықтарына, элементтеріне, жүйелеріне, техникалық құралдарына, материалдарына, сондай-ақ құжаттары мен қауіпсіздікті бақылау құралдарына кедергісіз қол жеткізуге;
2) ядролық қауіпсіздікті жəне (немесе) радиациялық қауіпсіздікті жəне (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікті бағалау мен сараптамалар жүргізу үшін атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымының мамандарын тартуға;
3) мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қол жеткізуге;
4) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) регистрограммаларды, осциллограммаларды, техникалық бақылау құралдарының, қадағалау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының жазбаларын, жедел журналдардан үзінді көшірмелерді, түсініктеме жазбаларды, схемаларды, сызбаларды, фото-, аудио- жəне бейнематериалдарды, сауалнама парақтарын жəне мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жататын басқа да материалдарды пайдалануға;