Атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымдарын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 29 қазандағы № 128-н/қ бұйрығы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымдарын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасының міндетін атқарушы |
Т. Жантикин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасының
міндетін атқарушы
2026 жылғы 29 қазандағы
№ 128-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымдарын айқындау
қағидалары