«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 595 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 595 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11696 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке нотариусты, жеке сот орындаушыны, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ҚКО) арқылы;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің ҚКО қызметкерлері қатысады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ҚКО) арқылы;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің ҚКО қызметкерлері қатысады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметрегламентінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.