11-бап. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп берудің ерекше тәртібі
1. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген және ол міндеттемелерді қабылдаған кезде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті органның шешімімен конкурс өткізілмей бекітіп беріледі.
Top қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері мынадай:
1) жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу құаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін;
2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу құаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобаларды іске асыру мақсатында бекітіп беріледі.
2. Уәкілетті орган жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін қалыптастырады.
11-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 23-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісілгеннен кейін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі, уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері болған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес өтінім мен құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
4. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім жіберген кезде мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының болуы;
2) екінші деңгейдегі банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мөлшерден кем емес көлемдегі қаражаттың немесе жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген қаражаттың болуы;
3) салықтық берешектің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
4) орындалмаған шарттық міндеттемелердің болмауы (бұрын оларға балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалар үшін).
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасасады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын жасасқаннан кейін осы Заңның 10-бабы 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген талаптарды орындауға міндетті.
6. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру кезінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына мынадай міндеттемелер жүктеледі:
1) аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық өсіру көлемін сақтау;
2) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасын сақтау;
3) қайта өңдеу құаттарын іске қосуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілерді салу немесе өндірістік және қайта өңдеу құаттарын реконструкциялау мен жаңғыртуды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту;
11-бабының 6-тармағы 4) тармақшасының қолданысы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 23-баптың 3-тармағының редакциясында қолданылады
4) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген төлемақы енгізу.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттемелер жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың міндетті талаптары болып табылады.
1) жоба құнының осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мөлшерден аз болуы;
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 4-тармағында белгіленген талаптарға сай болмауы;
3) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес келмеуі;
4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруден бас тартуға негіз болып табылады.
8. Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт осы Заңның 10-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайларда және осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелер орындалмаған кезде мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
12-бап. Тоған, индустриялық және (немесе) өсімді молайту шаруашылық қызметі
1. Тоған, индустриялық және (немесе) өсімді молайту шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін биологиялық негіздеменің, жеке меншік құқығында не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де заңды негіздерде жер учаскесінің және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы қажет.
2. Аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды салу және пайдалану, тоған, индустриялық және (немесе) өсімді молайту шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық өсіру тоғандары және (немесе) балық өсіру бассейндері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарға сәйкес айқындалады.
13-бап. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер
1) аквашаруашылық объектілері үшін азық-жемді өндіруге байланысты қызметті;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес балық өсіру саласында селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер болып табылады.
2. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шарттарда және тәртіппен беріледі.
3. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер:
1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
2) уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген, аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынады;
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат береді;
4) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де деректерді және (немесе) мәліметтерді (ақпаратты) ұсынады.
14-бап. Аквашаруашылық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Аквашаруашылық субъектілерінің:
1) аквашаруашылыққа арналған ғимараттарға, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларға, конструкцияларға, балық өсіру тоғанына, балық өсіру бассейніне және өсірілген аквашаруашылық объектілеріне, оның ішінде олардан алынған өнімге меншік құқығы;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда аквашаруашылық мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар тартуды қоса алғанда, су қорғау белдеуінде балық өсіру объектілерін, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және (немесе) жер пайдаланушылардан сервитут беруді талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға, оның ішінде ұңғымаларды (құдықтарды) бұрғылауға;
6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ұсынылатын аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға;
7) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінен мәліметтерді алуға және пайдалануға;
8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесіне өтеусіз қол жеткізуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға құқығы бар.
2. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтардан басқа, Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органға шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтардан басқа, арнаулы құрылғылар (тор қоршамалар) орнатылған орындарды кеме қатынасы қауіпсіздігіне және өзге де жүзу құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтін, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермейтін арқандармен және қалтқылармен қоршап қоюға құқылы.
4. Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтардан басқа, бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық өсіруге арналған арнаулы құрылғыларды (тор қоршамаларды) биологиялық негіздемеге сәйкес орнатуға құқылы.
5. Көл-тауар және (немесе) тоған шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 1, 2, және 4-тармақтарында көзделген құқықтардан басқа, әуесқой (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға құқылы.
6. Аквашаруашылық субъектілері:
1) биологиялық негіздемеде көзделген аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыруға;
2) аквашаруашылықты су биологиялық ресурстарына және оларды қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуді қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес биологиялық негіздемені әзірлеуді қамтамасыз етуге;
4) уәкілетті органға әкімшілік деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес ұсынуға;
5) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат беруге;
6) су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөгде немесе генетикалық модификацияланған түрлерін интродукциялауға жол бермеуге;
7) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарды сақтауға;
8) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркелуге;
9) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жіберуге;
10) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге міндетті.
7. Тоған, өсімді молайту және (немесе) индустриялық шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттерден басқа, жерүсті су объектілерінен су алу кезінде балық қорғау құрылғыларын орнатуға міндетті.
8. Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілері осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттерден басқа:
1) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеуге;
14-бабының 8-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 23-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
2) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ шарттың талаптары мен аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуы туралы ақпаратты аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес беруге;
3) біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт бойынша үшінші тұлғаларға құқықтар мен міндеттемелерді беруге және (немесе) басқаға беруге және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуына жол бермеуге;
4) аквашаруашылық объектілерін заңсыз аулауға жол бермеу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес бақылау үшін аулауды жүзеге асыру құқығын беруге;
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес аншлагтарды орнатуға;
7) Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулары пайдаланылатын жерлерде оларды күтіп-ұстауға;
8) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт мерзімінен бұрын бұзылған немесе оның мерзімі өткен жағдайда, аквашаруашылық үшін тұрғызылған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды қисынды мерзімде демонтаждауды, бұзып тастауды жүзеге асыруға;
9) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық жіберуді жүргізуге;
10) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында Қазақстан Республикасының су заңнамасына және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізуге;
11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық және (немесе) ішінара ауыстыруды жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген талаптар тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілерінің де орындауы үшін міндетті.
9. Аквашаруашылық субъектілері өзге де құқықтары мен міндеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
15-бап. Аквашаруашылық саласында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1. Аквашаруашылық саласында ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринария мәселелері бойынша құқығын құрайтын актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Аквашаруашылық саласында санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономикалық одақтың тамақ қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқығын құрайтын актілерге сәйкес талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады.
16-бап. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер
1. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулердің міндеттері мыналар болып табылады:
1) аквашаруашылық саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізу;
2) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асырудың перспективалылығын айқындау және оларды паспорттау үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін зерделеу және зерттеу;
3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес биологиялық негіздемені әзірлеу;
4) аквашаруашылық саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;
5) аквашаруашылық объектілерін және олардың құртшабақтарын көбейту және (немесе) күтіп-бағу, өсіру бойынша инновациялық және (немесе) индустриялық технологияларды әзірлеу және (немесе) енгізу;
6) аквашаруашылық саласындағы ғылыми ұсынымдарды тұжырымдау;
7) аквашаруашылық саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де ғылыми жұмыстарды жүргізу.
2. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ғылыми зерттеулер өздеріне бекітіп берілген аквашаруашылық субъектілерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Аквашаруашылық саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) дербес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4-тарау. АКВАШАРУАШЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ
17-бап. Аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары
1. Аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шаралары аквашаруашылық субъектілеріне, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге беріледі және осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
2. Аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларына мыналар жатады:
1) аквашаруашылықты субсидиялау;
2) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аквашаруашылыққа кредит беру және оны сақтандыру;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген арнаулы салық режимі және өзге де салықтық жеңілдіктер;
4) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес қаржылық емес қолдау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өзге де шаралар.
18-бап. Аквашаруашылықты субсидиялау
1. Аквашаруашылықты субсидиялау аквашаруашылықты дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1) аквашаруашылықты дамытуға бағытталған субсидиялаудың экономикалық тиімділігі;
2) өндірілетін аквашаруашылық өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2. Аквашаруашылықты субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту;
2) аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар болған кезде шығыстардың бір бөлігін өтеу;
3) аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау;
4) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
5) субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де бағыттары.
3. Аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерді субсидиялау осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
4. Аквашаруашылықты субсидиялау субсидиялар алушы уәкілетті орган бекіткен қағидаларда айқындалған қарсы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады.
5. Аквашаруашылықты субсидиялауды, сондай-ақ қарсы міндеттемелерге қол жеткізу мониторингін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.
1) осы баптың 7-тармағына сәйкес қарсы міндеттемелерді орындамауға жол берген және ақшаны қайтармаған;
2) басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) осы баптың 7-тармағына сәйкес бұрын қарсы міндеттемелерді орындамауға жол берген және ақшаны қайтармаған аквашаруашылық субъектілерінің, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілердің бұрын басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) болып табылған аквашаруашылық субъектілеріне, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге берілмейді.
Егер аквашаруашылық субъектісі, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қарсы міндеттемелерді тиісінше орындау еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.
7. Аквашаруашылық субъектілері, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер қарсы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, олар аквашаруашылықты субсидиялау шеңберінде алған ақша қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріле отырып, уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес қайтарылуға жатады.