Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ шешімі
(2024.31.12. берілген өзгерістермен)
Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/237-VIII шешімімен күші жойылды
Абай облысы мәслихатының 2024.13.12. № 23/156-VIII шешімімен атауы жаңа редакцияда (2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген), Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы мәслихатының 2024.13.12. № 23/156-VIII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)