Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 Қаулысы
Осы редакция 2017 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.