Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/194 Қаулысы
(2023.30.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бап 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бап 2-тармағына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № А-3/67 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7107 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақкөл ауданының әкімі | А. Каиржанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясымен
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022.15.04. № А-4/90 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2022 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022.30.12. № А-12/304 Қаулысымен (2023 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.17.07. № А-7/143 Қаулысымен (2023 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 7 шілдедегі
№ А-7/194 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |