«Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 206 Қаулысы

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 206 Қаулысы

 

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысы әкімдігінің «Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36-18 болып тіркелген), (2024 жылғы 16 қаңтардағы № 11, 2024 жылғы 23 мамырдағы № 98, 2024 жылғы 20 тамыздағы № 161, 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 10, 2025 жылғы 20 маусымдағы № 93 қаулылармен енгізілген өзгерістер) келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122 жолдарымен осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

2. «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн күнтізбе ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды түрде жолдасын;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысының әкімі

Б. Уәли

 

Абай облысы әкімдігінің

2025 жылғы 4 желтоқсандағы

№ 206 қаулысына

қосымша

 

Абай облысы әкімдігінің

2023 жылғы 15 наурыздағы

№ 53 қаулысына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.