(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НЫСАНДЫ КИІМНІҢ ҮЛГІЛЕРІН, НЫСАНДЫ КИІМ КИЮГЕ ҚҰҚЫҒ...

Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай - ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығы

(2024.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2024.29.08. № 591 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары бекітілсін.

2. Бекітілген нормаларды іске асыру тиісті қаржылық жылға бөлінген қаражат шегінде жүргізілсін.

3. «Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тізбесін, оны киіп жүру қағидаларын және айырым белгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11242 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.