(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰҢҒЫМАЛАР ОБЪЕКТІЛЕРІН СЫНАУ, КЕН ОРНЫН СЫНАМАЛЫҚ П...

Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Энергетика министрінің 2017.07.03. № 83 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 23 ақпандағы

№ 132 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты

іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде

 газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2017.07.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

портал арқылы жүгінген кезден бастап - 10 (он) жұмыс күні.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру немесе уәжді түрде бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.