(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ТЕРГ...

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығы

(2018.06.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2) ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне (М.С. Әміров) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.