(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР, АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛ...

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 159 бұйрығына

1-қосымша

 

Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»

мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

(2022.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ереже

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.18.11. № 329 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021.19.10. № 312 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) архивтік анықтама - ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;

2) архивтік көшірме - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидасына 431-тармағына сәйкес архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген, ресімделген, архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.