«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығы (2024.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығы

(2024.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.13.12. № 185 бұйрығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.13.07. № 314 бұйрығымен (2023 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2022.13.12. № 185 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Шетел тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ (орыс) тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.