ақшаның профициті (тапшылығы);
ақшаның жалпы профициті (тапшылығы);
ақшаның жалпы профициті (тапшылығы) (мұнайға қатысты емес);
борыш;
таза борыш ескеріле отырып, тиісті бюджеттің кірістері мен шығыстарының, қаржылық нәтижесінің болжамы қамтылады.
5. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет туралы заң жобасының құрамында ұсынылады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады.
6. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.
7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
73-бап. Бюджеттің кірістері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау процесі
1. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысын алу қажеттілігі туралы талап республикалық бюджет туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы және республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау процесіне де қолданылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлық тары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу кезінде материалдарға мыналар қоса беріледі:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оның ішінде іске асырылуы тиісті бюджет шығыстарын ұлғайту, қысқарту және (немесе) қайта бөлу есебінен ұсынылатын жобалар бойынша - тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру көздері көрсетілген қаржылық-экономикалық есеп-қисаптары мен негіздемелері;
республикалық немесе жергілікті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры шығындарының есеп-қисаптары мен негіздемелері;
мемлекеттік органдарға қосымша функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер берілуіне байланысты республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша - Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін қызметті функционалдық талдау нәтижелері және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметін функционалдық талдауға арналған қорытындысы;
жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша - тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қорытындысы.
73-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде осы Кодекстің 54-бабына сәйкес жасалатын салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп қолданылады.
Республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау осы Кодекстің 29-бабына сәйкес шығыстарды бөлу және осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді беру қажеттілігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Жергілікті өкілді органдардың жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ережелер тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң қорытындысы болған кезде келесі қаржы жылынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.
4. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі кірістер мен республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін басқа да болжанбайтын салықтық емес түсімдерді қысқартуды көздейтін, осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген актілер үшін тиісті қорытындының болуы талап етілмейді.
74-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері және оларды айқындау тәртібі
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстарының лимиті осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстарының алдын ала шекті жылдық сомасын білдіреді.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер, осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг пен нәтижелерді бағалау қорытындылары негізінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін айқындалады.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және осы Кодекстің 80-бабына сәйкес бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін ескере отырып айқындайды.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен қаржы ландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары лимитінің құрамында шығыстардың мынадай міндетті блоктары айқындалады:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар;
2) осы Кодекстің 73-бабына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар шығыстардың жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамаларға арналған шығыстар;
3) қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің, құзыреттердің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві.
6. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жыл сайынғы индекстеу ескеріле отырып, соңғы есепті үш қаржы жылындағы шығыстар және ағымдағы қаржы жылының бекітілген (нақтыланған) бюджетінде көзделген шығыстар ескеріле отырып айқындалған, республикалық бюджет шығыстарының орташа жылдық көлемінің пайызымен жылдар бойынша бөлініп, жоспарлы кезеңге үш жылда бір рет белгіленеді;
нысаналы индикаторлары жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде айқындалады;
осы Кодекстің 43-бабына сәйкес шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады;
жоспарлы кезең ішінде өзгерту құқығынсыз бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратта көрсетіледі.
Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған, осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған шығыстардың лимиттері республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының қолданыстағы лимиттері аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін жеткізіледі.
Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоспарлы кезеңнен кейін келесі жылға арналған шығыстарының лимиті осы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ағымдағы қаржы жылының бюджетінде бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеу арқылы айқындалады.
7. Осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, осы Кодекстің 48-бабы 2-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктеріне сәйкес айқындалған республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны негізінде жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленеді.
8. Осы баптың 5-тармағының 4) тармақшасына жатқызылған шығыстар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері осы Кодекстің 19 және 20-баптарына сәйкес айқындалады.
9. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары лимитінің құрамында шығыстардың мынадай міндетті блоктары айқындалады:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тиісті жергілікті бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар;
2) осы Кодекстің 73-бабына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар шығыстардың жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамаларға арналған шығыстар;
3) қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің, құзыреттердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту;
4) жергілікті атқарушы органның резерві.
10. Осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жыл сайынғы индекстеу ескеріле отырып, соңғы есепті үш қаржы жылындағы шығыстар және ағымдағы қаржы жылының бекітілген (нақтыланған) бюджетінде көзделген шығыстар ескеріле отырып айқындалған, жергілікті бюджет шығыстарының орташа жылдық көлемінің пайызымен жылдар бойынша бөлініп, жоспарлы кезеңге үш жылда бір рет белгіленеді;
нысаналы индикаторлары жоқ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде айқындалады;
осы Кодекстің 46-бабына сәйкес шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратта көрсетіледі.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған, осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған шығыстардың лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының қолданыстағы лимиттері аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін жеткізіледі.
Осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоспарлы кезеңнен кейінгі жылға арналған шығыстарының лимиті осы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ағымдағы қаржы жылының бюджетінде бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеу арқылы айқындалады.
11. Осы баптың 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленеді.
12. Осы баптың 9-тармағының 4) тармақшасына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері осы Кодекстің 20-бабына сәйкес айқындалады.
13. Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
14. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және жеткізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
75-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы және оны қарау тәртібі
1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы - мемлекеттік органның функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің іске асырылуын, мемлекеттік органның даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының тиісті мақсатына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларының іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ашып көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстар көлемдерін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге жасайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік құжаттамасы.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және ол мынадай құжаттардан тұрады:
1) жоспарланатын кезеңге арналған:
жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мемлекеттік саясаттың мазмұны мен негізгі бағыттары туралы ақпаратты;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізін;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер туралы мәліметтерді;
жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесін;
функцияларды, өкілеттіктерді, құзыреттерді іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемдерінің қысқаша сипаттамасын немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қамтитын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызметінің паспорты;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары туралы жалпы мәліметтерді:
осы Кодекстің 74-бабының 5 және 10-тармақтарында белгіленген блоктар бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шығыстарының лимиттерін;
бюджеттік бағдарламалардың, нысаналы индикаторлардың және түпкілікті нәтижелердің жалпы санын;
көзделген бюджет қаражатымен өзара байланысын қамтитын бюджеттік бағдарламалардың паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
3) мемлекеттік органның бекітілген даму жоспары немесе даму жоспарының жобасы (мемлекеттік органдардың даму жоспарын әзірлейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін);
4) бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасының паспорты шығыстар лимиттері негізінде және шегінде әзірленеді және онда міндетті түрде мыналар қамтылады:
бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі), ағымдағы мәртебесі;
бюджеттік бағдарламаның мақсаты;
іске асырылуына бюджеттік бағдарлама бағытталған мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторлары немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары үшін);
мемлекеттік органдар функцияларының тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган функциясының (функцияларының) коды мен атауы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды мен атауы;
бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, шығыстар көлемдері көрсетілген іс-шаралар.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратын шығыстар қамтылатын бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары немесе іс-шаралар жоспарлары және осы Кодекстің 119-бабына сәйкес жүргізілетін бюджеттік мониторинг нәтижелері қоса беріледі.
Даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген мемлекеттік органның инвестициялық жоспары қоса беріледі.
4. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражаты шығыстарының бағыттарын нақтылайтын кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
5. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар осы Кодекстің 73-бабына сәйкес бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) енгізіледі.
6. Бюджеттік бағдарламаларға есеп-қисаптар - шығыстар көлемдерін негіздеуге арналған құжаттар мен материалдар жиынтығы жасалады.
7. Есеп-қисаптар бюджеттік бағдарламалар паспорттарының түпкілікті нәтижелеріне және (немесе) мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге арналған шығыстарды бағыттау қажеттілігі ескеріле отырып жасалады.
Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасына есеп-қисаптар бюджеттік бағдар ламалардың әкімшісі функцияларының, өкілеттіктері мен құзыреттерінің іске асырылуын қамтамасыз етудің жеткіліктілігі ескеріле отырып жасалады.
Тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша есеп-қисаптар толық көлемде жасалады және тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша қолданыстағы лимиттер аяқталатын жылы ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарында, мыналарды:
тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар бойынша есеп-қисаптарды;
республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) сомамен салыстырғанда өзгермейтін есеп-қисаптарды қоспағанда, барлық шығыстар бойынша есеп-қисаптар жасалады және ұсынылады.
Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша есеп-қисаптар үшінші жылға ғана жасалады.
Есеп-қисаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры ескеріле отырып жасалады.
Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік бағдарламада қосымша шығыстарды талап ететін немесе бюджет кірістерін қысқартуды талап ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік бағдарламамен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы ұсынылады.
8. Бюджеттік бағдарламаның паспортын әзірлеу кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының тиісті мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуге немесе функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыруға бағдарлануы қажет;
шығыстар көлемі мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу қажеттілігі немесе функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыру қажеттілігі ескеріле отырып көзделеді;
осы Кодекстің 45-бабына сәйкес жүзеге асырылатын мониторингтеу нәтижелері қолданылады;
түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерін тұжырымдауда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының мақсаттарына және (немесе) нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу дәрежесі немесе функциялардың, өкілеттіктер мен құзыреттердің іске асырылу дәрежесі сипатталуға тиіс;
түпкілікті нәтижелер мен олардың көрсеткіштерінде жоспарланатын шығыстар көлемдері пайдаланыла отырып, мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) қол жеткізу дәрежесі айқындалуға тиіс;
мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының жоспарланатын шығыстар көлемінің және индикаторларының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларының (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары үшін) негізінде түпкілікті нәтижелердің шынайылығы ескеріледі;