Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 198 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.19.06. № 418 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2026.19.06. № 418 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Астананың бюджеті, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2026.19.06. № 418 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 198 бұйрығымен
бекітілген