«Мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған биофармацевтикалық өнімдерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 19 қазандағы № 144 бұйрығы

Мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған биофармацевтикалық өнімдерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 19 қазандағы № 144 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған биофармацевтикалық өнімдер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

 

А. Альназарова

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2026 жылғы 19 қазандағы

№ 144 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған биофармацевтикалық өнімдер

 

1. Оба, тірі құрғақ вакцинасы.

2. Құрғақ, обаның антигенді эритроцитарлық диагностикумы.

3. Обаның антигенді эритроцитарлық диагностикумы ингредиенттерімен жиынтықта.

4. Құрғақ, обаның иммуноглобулинді эритроцитарлық диагностикумы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.