Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 41/502 Қаулысы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жалпыхалықтық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Референдум комиссиялары республикалық референдум құжаттарын сақтау жөніндегі жұмыста осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау
комиссиясының Төрағасы
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 41/502 қаулысымен бекітілген
Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау қағидалары «Жалпыхалықтық референдум туралы» Конституциялық заңның 21-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Жалпыхалықтық референдум құжаттарын сақтау