«Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 24 шілдедегі № 181-НҚ бұйрығы

Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 24 шілдедегі № 181-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 114-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация Министрі м.а.

2025 жылғы 24 шілдедегі

№ 181-НҚ бұйрықпен бекітілген

 

 

Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың

үлгілік қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 114 - бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді (бұдан әрі-жүйелер) пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Жүйелер магистральдық, шаруашылықаралық және шаруашылықішілік болып бөлінеді.

3. Мемлекетаралық, өңіраралық және ауданаралық маңызы бар магистральдық жүйелер мемлекеттік меншікте болады, шаруашылықаралық жүйелер жеке меншікте болуы мүмкін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.