Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығы
(2021.20.04. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 278 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 48 бұйрығынын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13042 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);