«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 48 бұйрығы (2017.27.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 48 бұйрығы

(2017.27.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 1192 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы статистикалық және өзге есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.