«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 48 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 48 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган - цифрландыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

8-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік цифрлық жүйелерді беру;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) ұлттық қауіпсіздік органдарының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған объектілерін цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісіне беру;»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.