Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № А-2/57 Қаулысы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 13 ақпандағы
№ А-2/57 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 16 шілдедегі № А-7/336 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Ақмола облысы әкімдігінің «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 20 шілдедегі № А-8/347 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4951 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Ақмола облысы әкімдігінің «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № А-11/530 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5142 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).