ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы
(2019.01.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2018.26.09. № 759 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2018.26.09. № 759 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.