«Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 16 шешімі

Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 16 шешімі

 

ШЕШТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 11 299 178 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 601 381 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 40 802 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 82 569 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 4 574 426 мың теңге;

2) шығындар – 12 874 442 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 1 575 264 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 575 264 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 575 264 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«5. Жергілікті атқарушы органның 2023 жылға арналған резерві 15 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының

2023 жылғы 04 сәуірдегі

№ 16 шешіміне

Қосымша

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының

2022 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 240 шешіміне

1 қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.