Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 384 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 264 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8612 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) санында жарияланған);
2) «Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 572 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12184 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 37 (28765) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен: