«Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 572 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 384 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленген, білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: