Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы
(2016.15.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым Министрінің 2016.15.03. № 199 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым Министрінің 2016.15.03. № 199 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова):
1) аталған бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы |
Ф. Қуанғанов |
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2008 жылғы 16 мамырдағы
№ 272 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Білім және ғылым Министрінің 2016.15.03. № 199 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және
қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің
үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер