Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шілдедегі № 220-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін атқарушысы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 220-НҚ бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартында (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін):
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өлшем құралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;»;
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: