«Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша көрсетілетін қызметтерге шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 17 шілдедегi № 180 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттарды жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржы жылы - бюджеттің орындалуы жүзеге асырылатын күнтізбелік 1 қаңтардан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтер шарты (бұдан әрі - шарт) - веб-портал арқылы тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт, оның ішінде қосылу шарты, оның талаптарын тапсырыс беруші стандартты нысандарда айқындайтын және өнім берушілер ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдауы мүмкін;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталына қатысушы (бұдан әрі - қатысушы) - мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуден өткен тапсырыс беруші, өнім беруші;
5) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - қатысушының лауазымды тұлғасы немесе қатысушының өкілі;