«Бірыңғай сатып алу платформасы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығы (2025.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Бірыңғай сатып алу платформасы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығы

(2025.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.19.03. № 44 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.19.03. № 44 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай сатып алу платформасы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2022 жылғы 14 қаңтардағы

№ 12 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.