(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫНЫҢ ...

Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI шешімі

(2022.17.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020.27.03. № 54/9-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.17.05. № 22/3-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1) әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;

2) әлеуметтік қолдау түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020.25.06. № 58/6-VI шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022.17.05. № 22/3-VII шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары айқындалсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.