«Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 375/НҚ бұйрығы

Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 375/НҚ бұйрығы

 

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-6-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы

№ 375/НҚ бұйрығымен бекітілген

 

 

Электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.