Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 426 шешіміне «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 32 шешімі
Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264 шешімімен күші жойылды
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 426 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5454 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | А. Букенов |
Қарағанды қалалық мәслихатының
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 32 шешіміне қосымша
Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы 23 тамыздағы
№ 426 шешіміне 2-қосымшасы
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының
тізбесі
| № | Атауы |
| 1. | Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған). |
| 2. | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған). |
| 3. | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған). |
| 4. | 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған). |