(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕҢІЗДЕ, СУ АЙДЫНДАРЫНДА ЖӘНЕ САҚТЫҚ АЙМАҒЫНДА МҰНА...

Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар бекітілсін.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10838 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған);

2) «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 492 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14571 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.