«Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 492 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күшi жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10838 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 75 (28803) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теңіз құрылыстары, магистральды мұнай құбырлары, теңіз порттары Заңның 95-бабының 5-тармағына және 95-1-бабының 4, 10-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14018 болып тіркелген) Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес бірінші және екінші деңгейлі мұнай төгілуін жоюға арналған қажетті материал және заттармен жабдықталады.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: