«Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығы (2025.08.08. берілген өзгерістермен)

Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығы

(2025.08.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2025.23.07. № 282-н/қ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Энергетика министрінің 2023.02.10. № 353 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Энергетика министрінің 2025.23.07. № 282-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Теңізде және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар бекітілсін.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10838 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған);

2) «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 492 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14571 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.