Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығы
(2023.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2023.02.10. № 353 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 156-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптар бекітілсін.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10838 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған);
2) «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 492 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14571 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;