«Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығы (2016.15.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығы

(2016.15.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 130 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 18-бабының 23-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптардың қосымшалары бекітілсін.

2. «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында қолдану үшін диспергенттер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 202-Ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 8605 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 31.10.2013 жылы № 243 жарияланған (28182)).

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.