Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 225/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 48-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық шешімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 225/НҚ бұйрығымен бекітілген
Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің жұмыс істеуі және оған қосылу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер