«Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарап-тексеруден өту және оның мерзімділігінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 19 бұйрығы

Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарап-тексеруден өту және оның мерзімділігінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 19 бұйрығы

 

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарап-тексеруден өту және оның мерзімділігінің қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2023 жылғы 31 қаңтардағы

№ 19 бұйрығына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.