«Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 306 бұйрығы

Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 306 бұйрығы

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

 

Ж. Қасымбек

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

Д. Абаев

2018 жылғы 11 мамыр

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2018 жылғы 3 мамырдағы

№ 306 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.