(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОҚЫТУ БЕЙІНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ...

Осы редакция 2019 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 375 бұйрығына 2-қосымша

 

 

Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары
(2017.13.02. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының үлгілік қағидалары (бұдан әрі -Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады:

1) Гимназия - білім алушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және басқа бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

2) Лицей - оқушылардың бейiмділiгi мен қабiлеттерiне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негiзгi орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

3) Бейіндік мектеп - жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны.

Бейінді оқыту - оқытуды дифференциациялау және жекешелендіру, білім алушылардың қызығушылықтарын, бейімдері мен қабілеттерін есепке ала отырып білім беру процесін ұйымдастыру процесі. Бейінді оқыту бейіндік мектепте, бейінді сыныптарда іске асырылады.

3. Осы Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан гимназиялар, гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беретін мектептер үшін үлгілік болып табылады.

4. Гимназияның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.