«Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Курстар:
1) еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны бойынша);
2) еңбек қызметінен қол үзу немесе жартылай қол үзу арқылы;
3) жеке білім беру бағдарламалары бойынша;
4) шетелде 1 жылға дейін мерзімге еңбек қызметінен қол үзу арқылы ұйымдастырылады.
5. Курстарды педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын мынадай білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) өткізеді: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы», меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары, білім беру орталықтары, біліктілікті арттыру институттары мен заңды тұлғалар, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әдістемелік кабинеттері және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері.
Шетелдегі курстарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) ұйымдастырады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: