Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығы
(2016.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.27.05. № 358 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2016.27.05. № 358 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.