(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІН БОЛЖАУ ӘДІСТЕМЕСІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»...

Бюджет кірістерін болжау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 138 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бюджет кірістерін болжау әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Ұлттық

экономика министрінің

2025 жылғы 30 сәуірдегі

№ 138 бұйрығымен бекітілген

 

 

Бюджет кірістерін болжау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бюджет кірістерін болжау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 52-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Жергілікті бюджетке кірістерді болжау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен Әдістеме негізінде жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.