«Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы
Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 75 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, «Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. «Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тоғызақ ауылдық округінің әкіміне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Р. Халықов |
2024 жылғы 22 мамыр
№ 75 қаулысымен
бекітілген
«Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер