Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы
(2021.18.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2016.05.10. № 349 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 74 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2016.05.10. № 349 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.22.07. № 74 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.