«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 743 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10043 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларында:
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдері»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғын үй берудің орнына бюджет қаражатының есебінен арнайы ақшалай қамтылым түрінде тұрғын үй төлемдері төленеді.»;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: